Новости

Новости сайта

Танымдық онкүндік/Декадник осведомленности

Балалар мен жасөспірімдерде инклюзивті мәдениетті және мүгедек адамдар мен жасөспірімдерге толерантты қатынасты қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 7-13 қазан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі" КММ-де хабардарлық онкүндігі өткізілді.

Подробнее: Танымдық онкүндік/Декадник осведомленности

«Мейірімділік пен құрмет күні» атты қалалық фотосуреттер байқауына қатысып/Конкурс фотографий «Мейірімділік пен құрмет күні»

№1 мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушысы Жусупова Илану Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірімділік пен құрмет күні» атты қалалық фотосуреттер байқауына қатысып, жүлделі орынды иеленіп, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Подробнее: «Мейірімділік пен құрмет күні» атты қалалық фотосуреттер байқауына қатысып/Конкурс фотографий...

Батареяларды жинау бойынша экологиялық акцияға/Экологическая акция по сбору отработанных батареек

 

6 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында №1 мектеп-лицейі  Қостанай қаласының оқу орындары арасында пайдаланылған батареяларды жинау бойынша экологиялық акцияға белсенді қатысты. Акция қорытындысы бойынша салмағы 81 кг пайдаланылған +5871 батарея жиналды. Мектеп бойынша 2 «А» сынып аталған іс-шара бойынша көшбасшы атанды, олар +2267 батареяны жинады. Жеңімпаздарға грамоталар марапатталды, ал ең белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Подробнее: Батареяларды жинау бойынша экологиялық акцияға/Экологическая акция по сбору отработанных батареек

1 қыркүйек - Білім Күні/1 сентября - День Знаний

№1 мектеп-лицейінде алдын алу шараларын сақтай отырып, 1-ші сыныптың оқушылары үшін білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оқушылар қатарын 182 оқушы толықтырды.

«Кел, балалар, оқылық!» салтанатты линейкада мектеп директоры Сания Шарипова құттықтау сөз сөйледі. Линейканы «Легенда» би ұжымы ұлттық бимен ашты.

Ертегі жағдайында Маша мен Аю кейіпкерлерінің қатысуымен оқушыларға алғашқы оқулық-Әліппе табыс етілді.

Сонымен қатар, 2-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты онлайн - сынып сағаттарының сериясы өтті.

Шақырылған спикерлер: Қуат Амир– «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «БИОВ» қауіпсіздік техникасы жүйесінің авторы, «халық алғысы» мемлекеттік награда иегері, «Жыл еріктісі» халықаралық конкурсының жеңімпазы (Нұр - Сұлтан қ.); Рустам Каирыев-Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстанның ұйғыр жастары одағының» төрағасы (Алматы қ.) - Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері, еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішіндегі жетістіктері туралы әңгімеледі.

Мектеп педагогтары үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын қарау ұйымдастырылды.

Подробнее: 1 қыркүйек - Білім Күні/1 сентября - День Знаний