Новости

Новости сайта

1 (лицей) сыныптарына түсу үшін түсу емтихандарын өткізу/Проведение вступительных экзаменов для поступления в 1 (лицейские) классы

 Лицейлік және бейінді сыныптарға түсу емтихандарын өткізу күні мен форматы туралы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ ақпараты

 

 №1 мектеп-лицейдің 1 (лицей) сыныптарына түсу үшін түсу емтихандарын өткізу 2021 жылғы 7 маусым күні сағат 10.00-де өтеді. Түсу емтихандары әңгімелесу форматында өтеді. Лицей сыныптарына түсу үшін әңгімелесуден «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету рәсімінен өткен және 01.04.2021 жылдан 25.05.2021 жыл аралығында лицей сыныбында білім алуға өтініш берген оқушылар (қалауы бойынша) өтеді.

Подробнее: 1 (лицей) сыныптарына түсу үшін түсу емтихандарын өткізу/Проведение вступительных экзаменов для...

Жазғы мектеп/Летняя школа

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ ақпараты

Пандемия, шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру және білім беру сапасын арттыру мақсатында 2021 жылы 26 мамырдан 19 маусым аралығында №1 мектеп-лицейде 2-8, 10 сыныптың оқушыларына арналған Жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылды.

Подробнее: Жазғы мектеп/Летняя школа

«Отбасы сағаты» атты республикалық акция жөнінде ақпарат/Информация по республиканской акции «Час семьи»

2021 жылы 12 мамырдан 17 мамыр аралығында мектепте Халықаралық Отбасы күнін тойлау аясында мектептің жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді.

Барлық қатарлас сыныптарда өскелең ұрпақты жанұяның, қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени нормаларын, дәстүрлерін үйрету, сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан үздік дәстүрлерді сыйлау және жалғастыруға негізделген отбасына құндылық қатынасын тәрбиелеу мақсатында Ереже негізінде іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

- МАДС, 1-4 сыныптарға арналған Отбасылық отырыстар, сурет салу байқаулары, аппликациялар;

-5-ші сыныптарда Онлайн флеш-моб;

-6-шы сыныптарға арналған «Өз ойыны» отбасылық викторина;

- 7-ші сыныптарда «Менің отбасым үздік» фотосурет байқауы.;

- «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау»тақырыбы бойынша» «Денсаулық Мектебі»  дәрігерлері О.А.Катюхинаның қатысуымен 9-шы сыныптың қыздарына арналған дәрістер.  

- 8-9-шы сыныптарға арналған «Жанұяға арналған уақыт» челленджі,  челлендж қатысушылары отбасының дәстүрлері мен құндылықтары туралы баяндайтын фотосуреттер, бейнероликтер ұсынды. Мектеп психологтары «Отбасы – махаббат пен адалдық ошағы» тақырыбында буклеттер мен жадынамалар таратты;

- 1-ші сыныптың оқушылары «Отбасылық жәдігерлер» атты желілік телекоммуникациялық жобаға қатысып, үлкен, қызықты мультимедиялық презентация ұсынды;

- жоғары  буын сыныптарында «Отбасы және қоғам: бала тәрбиесіне кімнің ықпалы күшті?» тақырыбы бойынша ата-аналардың қатысуымен әңгіме сағатары өтті;

Барлық іс-шараларға оқушылардың ата-аналары белсене атсалысты.

Подробнее: «Отбасы сағаты» атты республикалық акция жөнінде ақпарат/Информация по республиканской акции «Час...