Новости

Новости сайта

Жазғы мектеп/Летняя школа

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ ақпараты

Пандемия, шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру және білім беру сапасын арттыру мақсатында 2021 жылы 26 мамырдан 19 маусым аралығында №1 мектеп-лицейде 2-8, 10 сыныптың оқушыларына арналған Жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылды.

Подробнее: Жазғы мектеп/Летняя школа

«Отбасы сағаты» атты республикалық акция жөнінде ақпарат/Информация по республиканской акции «Час семьи»

2021 жылы 12 мамырдан 17 мамыр аралығында мектепте Халықаралық Отбасы күнін тойлау аясында мектептің жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді.

Барлық қатарлас сыныптарда өскелең ұрпақты жанұяның, қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени нормаларын, дәстүрлерін үйрету, сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан үздік дәстүрлерді сыйлау және жалғастыруға негізделген отбасына құндылық қатынасын тәрбиелеу мақсатында Ереже негізінде іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

- МАДС, 1-4 сыныптарға арналған Отбасылық отырыстар, сурет салу байқаулары, аппликациялар;

-5-ші сыныптарда Онлайн флеш-моб;

-6-шы сыныптарға арналған «Өз ойыны» отбасылық викторина;

- 7-ші сыныптарда «Менің отбасым үздік» фотосурет байқауы.;

- «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау»тақырыбы бойынша» «Денсаулық Мектебі»  дәрігерлері О.А.Катюхинаның қатысуымен 9-шы сыныптың қыздарына арналған дәрістер.  

- 8-9-шы сыныптарға арналған «Жанұяға арналған уақыт» челленджі,  челлендж қатысушылары отбасының дәстүрлері мен құндылықтары туралы баяндайтын фотосуреттер, бейнероликтер ұсынды. Мектеп психологтары «Отбасы – махаббат пен адалдық ошағы» тақырыбында буклеттер мен жадынамалар таратты;

- 1-ші сыныптың оқушылары «Отбасылық жәдігерлер» атты желілік телекоммуникациялық жобаға қатысып, үлкен, қызықты мультимедиялық презентация ұсынды;

- жоғары  буын сыныптарында «Отбасы және қоғам: бала тәрбиесіне кімнің ықпалы күшті?» тақырыбы бойынша ата-аналардың қатысуымен әңгіме сағатары өтті;

Барлық іс-шараларға оқушылардың ата-аналары белсене атсалысты.

Подробнее: «Отбасы сағаты» атты республикалық акция жөнінде ақпарат/Информация по республиканской акции «Час...

9 мамыр – Жеңіс күні / 9 мая - день Победы

9 мамыр - ол фашизмді Жеңген күн, ерлік күні, қайғы-қасірет күні,  қаһармандық танытқан күн, рухани шығармашылық күн. Біздің еліміз үшін бұл күн ерекше, тарихи мәнге ие күн. Бұл майдан далада қаза тапқандар туралы, бейбіт уақытта жарақаттан қаза болғандар жайында қасиетті естелік. Бұл қазіргі таңда ортамызда жүрген ардагерлерге н құрмет. Жеңімпаздар ұрпағының алдындағы біздің парызымыз - соғыс туралы тарихи естелікті сақтау, тірі соғыс ардагерлеріне және майдан шебінде, тылда еңбек еткен тыл ардагерлеріне ерен ерліктері үшін алғыс білдіру. Ерлік сабақтарында біз соғыс туралы, керемет адамдар мен олардың ерлігі жайында әңгімеледік.

Оқушылар мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен бірге Жеңіс күніне арналған конкурстарға, акцияларға белсенді қатысты:

- барлық сыныптарда «Ұлы Жеңіс артта қалған жоқ. Бұл елдің бүгіні мен болашағы» атты сынып сағаттары өткізілді.

- Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Яковлевич Брусникті құттықтау – жеңімпаздар ұрпағының алдында парызымыз.

- 3-4 сынып оқушылары арасында «Қаза болғандарды еске алу» және кітапханада: «1945 жылдың көктемі...» және «Соғыс балалар көзімен» атты екі сурет көрмесі өтті.

- оқушылар Жеңіс Саябағына гүл шоқтарын қойып, соғыстың қорқынышты күндерін еске алды.

- «Кімнің немересі болатыныңды айт?!» атты қалалық конкурсқа белсенді қатысты.

Барлық өткізілген іс-шаралар оқушылардың патриоттық тәрбиесін, Отанымыздың жауынгерлікпен өткен өмірін құрметтеуге, ҰОС қаза тапқан жауынгерлер мен ардагерлерді, Отан қорғаушыларды еске алуға және білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған.

Подробнее: 9 мамыр – Жеңіс күні / 9 мая - день Победы