"Жігіт сұлтаны"

    

8 сәуір күні қалалық балалар шығармашылық мектебінде жыл сайынғы "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Байқауға 1 мектеп- лицейінің 9 сынып оқушысы Закиев Зака қатысты. Зака Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымының белсендісі, қазақ тілінен пәндік олимпиадалардың жеңімпазы, кикбоксингтен Қостанай облысының екі дүркін және "жекпе-жек" ұлттық спорт түрінен чемпионы. Зака 5 тілді жетік меңгерген, музыка мен халық билеріне қызығушылық танытады. Жігіттің бойында батылдық, жауапкершілік, табандылық қасиеттері бар. Осы қасиеттердің арқасында сегіз қырлы бір сырлы Зака "Ел өжеті" номинациясында жүлделі 3-ші орынға ие болды.
8 апреля в ГШДТ состоялся ежегодный конкурс "Жігіт сұлтаны", в котором принял участие ученик 9 класса школы-лицея 1 Закиев Зака.
Зака - активист школьный РЕДЮО " Жас Ұлан", призер предметных олимпиад по казахскому языку, двухкратный чемпион Костанайской области по кикбоксингу и призер по национальному виду спорта "жекпе-жек". Он свободно владеет 5-ю языками, интересуется музыкой, увлекается народными танцами. Зака ответственный, мужественный, целеустремлённый, настойчивый юноша. Благодаря этим качествам он занял 3 место в номинации "Ел өжеті".