1 (лицей) сыныптарына түсу үшін түсу емтихандарын өткізу/Проведение вступительных экзаменов для поступления в 1 (лицейские) классы

 Лицейлік және бейінді сыныптарға түсу емтихандарын өткізу күні мен форматы туралы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ ақпараты

 

 №1 мектеп-лицейдің 1 (лицей) сыныптарына түсу үшін түсу емтихандарын өткізу 2021 жылғы 7 маусым күні сағат 10.00-де өтеді. Түсу емтихандары әңгімелесу форматында өтеді. Лицей сыныптарына түсу үшін әңгімелесуден «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету рәсімінен өткен және 01.04.2021 жылдан 25.05.2021 жыл аралығында лицей сыныбында білім алуға өтініш берген оқушылар (қалауы бойынша) өтеді.

 

Лицей сыныптарын толықтыруға сәйкес және балаларын лицей сыныптарына қабылдау туралы ата-аналар тарапынан келіп түскен өтініштер негізінде 5-ші лицей сыныптарына қабылдау емтихандарын ұйымдастыру және өткізу көзделген. Емтихандар: 2021 жылы 7 маусым күні сағат 10.00-де жаратылыстану, дүниетану пәндерінен тестілеу және математика пәнінен бақылау жұмысы түрінде өтеді. Аталмыш рәсімге 01.05.2021 жылдан 25.05.2021 жыл аралығында ата-аналары 5-ші лицей сыныптарында білім алуға өтініш берген оқушылар қатыса алады.

Оқытудың жоғары сатысында құрылған бейінді сыныптар жалпы білім беретін оқу орнының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

2021-2022 оқу жылы бейінді сыныптар келесі бағыттарды қамтыған:

- бір сынып физика-географиялық бағытты;  

- бір сынып химия-биологиялық бағытты.

Ағымдағы оқу жылы 9-шы сыныптың түлектері (география + физика, биология + химия) бейінді пәндер бойынша 2021 жылы 7 маусым күні сағат 09.00-де бейінді сыныптарға түсу емтихандарынан өтетін болады. Бейінді сыныптардың толымдылығы әр сыныпта 25 оқушыны құрайды.

*                   *                   *                   *                   *

Информация КГУ «Школа-лицей №1 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области о дате и формате проведения вступительных экзаменов в лицейские и профильные классы.

Проведение вступительных экзаменов для поступления в 1 (лицейские) классы школы-лицея №1 пройдут 7 июня 2021 года в 10 часов.

Вступительные экзамены пройдут в формате собеседования. Собеседование для поступления в лицейские классы проходят учащиеся (по желанию), прошедшие процедуру оказания государственной услуги «Приём документов и зачисление в организации образования, независимо от ведомственной подчиненности, для обучения по общеобразовательным программам начального, основного среднего, общего среднего образования» и подавшие заявление на обучение в лицейском классе в период с 01.04.2021г. по 25.05.2021г.

 

         В соответствии с наполняемостью лицейских классов и на основании заявлений родителей о зачислении их детей в лицейские классы, предусмотрена организация и проведение вступительных экзаменов в 5-е лицейские классы. Экзамены: тестирование по предметам естествознание, познание мира и контрольная работа по предмету математика пройдут 7 июня 2021 года в 10 часов. Принять участие в данной процедуре смогут учащиеся, родители которых подали заявление на обучение в 5-х лицейских классах в период с 01.05.2021г. по 25.05.2021г.

 

Профильные классы, созданные на старшей ступени обучения, являются структурными единицами общеобразовательного учебного заведения.

Профильные классы 2021-2022 учебного года будут иметь направленность:

 - один класс физико-географического направления

 - один класс химико-биологического направления.

Выпускники 9 классов текущего учебного года будут проходить вступительные экзамены в профильные классы 7 июня 2021 года в 09 часов, по профильным предметам (география + физика, биология + химия). Наполняемость профильных классов составит 25 учащихся в каждом классе.